БастыЖаңалықтар

Жылыту маусымына дайындық: Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында Өскемен қаласында халықты әлеуметтік көмірмен қамтамасыз ету жөнінде үшжақты Меморандум жасалды.

Меморандумға сәйкес, тұрғындарды 30 000 тонна әлеуметтік көмірмен қамтамасыз ету жоспарланған. Әлеуметтік көмір қаланың үш көмір тұйығы арқылы әлеуметтік бағамен сатылуда.

Әлеуметтік көмірді мына кәсіпорындардан сатып алуға болады:
* «Сейком» ЖШС – Қаражыра тас көмірі;
* «Уголь-Достык» ЖШС – Майкүбі көмірі;
* «Топливная компания Терминал» ЖШС – Қаражыра тас көмірі.

Қазіргі таңда коммерциялық көмірдің бағасы:
* Қаражыра тас көмірі («Сейком» ЖШС) – тоннасына 17 400 теңге;
* Қаражыра тас көмірі («Топливная компания Терминал» ЖШС) – тоннасына 17 500 теңге;
* Майкүбі көмірі («Уголь-Достык» ЖШС) – тоннасына 17 500 теңге.

Айтып өтейік, әлеуметтік көмір коммерциялық бағадан 500 теңгеге төмен бағамен сатылып жатыр. Әлеуметтік көмірді сатып алуға өтінімдер Аумақтық басқару орталықтарының (АБО) филиалдары арқылы қабылданады.

— Өскемен қаласының әкімдігі жеке тұрғын үй иелерін жылыту маусымына қажетті көмір қорын алдын ала сатып алуға шақырады. Бұл маусымдық сұраныстың күрт артуын болдырмауға және жылыту маусымынан қиындықсыз өтуге мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Өскемен қаласының әкімдігі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button