Фестиваль күндері Катонқарағайға жүретін автобус: Билетті қай жерден, қаншаға аламыз?

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы фестиваль күндері Өскеменнен Катонқарағай жүретін қосымша автобустар шығатынын мәлімдеді.
Автобус бағыты күн сайын келесі кесте бойынша қатынайды:
- Өскемен қаласынан жөнелту – 08:10, Катонқарағай ауылына келу – 12:30;
- Катонқарағай ауылынан жөнелту – 14:00, Өскемен қаласына келу – 18:30.
Жол жүру құны – 4 500 теңге.
Билеттерді келесі тәсілдермен сатып алуға болады:
- Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 8 мекенжайында орналасқан автовокзалдың билет кассасынан (жұмыс уақыты: 06.00-ден 20.30-ға дейін);
- автовокзалдың ресми сайты арқылы қашықтан: https://autovokzal.kz/ (тәулік бойы).
Автовокзалдың анықтама қызметінің телефоны: 8 (777) 189-00-03.
Билеттерді алдын ала сату жолға шығу күніне дейін 30 күн бұрын басталады.
- Рейске отырғызу жөнелтуге 15 минут қалғанда басталады;
- Билеттерді сату жөнелтуге 15 минут қалғанда тоқтатылады;
- Жүк бөлек төленеді (құнының 20 %-ы – 900 теңге);
- 7 жасқа дейінгі балаларға билет тегін (жеке орын берілмейді), 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билет құнының 50 %-ы (2250 теңге).
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалін өткізу кезеңінде қатысушылар мен қонақтардың көлікке деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатында нақты жолаушылар ағынына қарай «Өскемен – Катонқарағай» тұрақты автобус бағыты бойынша қосымша рейстер ұйымдастыру көзделген, — дейді басқарма басшысының орынбасары Айжан Кумарова. — Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері бойынша басқармаға тікелей хабарласуға болады: қабылдау бөлмесі: 8 (7232) 70-23-54; жолаушылар көлігі бөлімі: 8 (7232) 70-16-98.



