БастыЖаңалықтар
Өскеменде семсерлесуден ел чемпионаты басталды
Өскеменде 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесуден Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Жарыстың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Өңір басшысы жас спортшыларға сәттілік тілеп, ел спортының дамуына үлес қосып жүрген спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс білдірді.
Ел чемпионатына Қазақстанның әр өңірінен келген жас семсерлесушілер қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстанның семсерлесу мектебі биыл халықаралық аренада тарихи жетістікке жетті. Өңір спортшылары Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходов Қазақстан құрамасы сапында командалық шепте әлем чемпионы атанды.



