Әлемдік футбол аңызы Луиш Нани Өскемендегі матчқа қатысады

Өскеменде осы жексенбі күні Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында «Восток» стадионында «Алтай Өскемен» мен «Ақтөбе» командалары кездеседі.
Жергілікті футболшылар Португалия ұлттық құрамасының сапында Еуропа чемпионы атанған Луиш Нани ойнайтын «Ақтөбе» командасына қарсы жасыл алаңға шығады.
Ұзақ жылдар бойы Криштиану Роналдумен бірге доп тепкен, өз буынының ең танымал футболшыларының бірі саналатын әйгілі ойыншы Өскемендегі матчқа қатысады.
Матч 19 шілде күні сағат 17:00-де Өскемен қаласындағы «Восток» стадионында өтеді.
Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарын командаларға жанкүйер болып, жарқын спорттық оқиғаның бір бөлігі болуға шақырады.
Билет құны – 700 теңге. Билеттерді Ticketon.kz платформасы арқылы немесе матч күні стадион кассаларынан сатып алуға болады.
9 жасқа дейінгі балаларға, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге және мүгедектігі бар азаматтарға кіру тегін



