БастыЖаңалықтар

ШҚО-да құны 4,7 миллиард теңге болатын арал сатылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында құны 4,7 миллиард теңге (10 миллион доллар) болатын арал сатылымға қойылды. Инвесторларға ұсынылған 22,5 гектарлық жер телімі элиталық курорт немесе ірі туристік кешен салуға лайық деп бағаланған. 

Бұл туралы әлеуметтік желілерде жарияланған хабарландыруда айтылған. Аралдың жалпы аумағы 22,5 гектар болады және қазір жеке меншікте. Жоба инвестициялық нысан ретінде ұсынылып отыр.

Хабарландыруға сәйкес, бұл аумақ элиталық демалыс орны, жабық клубтық кеңістік немесе ірі туристік кешен салуға қолайлы.

«Кең су айдыны, оқшау орналасуы, табиғи ландшафты және даму әлеуеті бұл нысанды жер телімдері нарығындағы ең тартымды ұсыныстардың біріне айналдырады», – делінген хабарламада.

Жылжымайтын мүлік агенттігінің мәліметінше, арал туралы толық ақпарат тек қызығушылық танытқан инвесторларға ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button