БастыЖаңалықтар

ШҚО-ның бюджеті қысқарады

ШҚО бюджеті салық түсімдерінің азаюына байланысты қысқарады

Шығыс Қазақстан облысының бюджеті салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты қысқарады. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мәлімдеді.

Алдын ала болжам бойынша облыстың кірісі 38,5 млрд теңгені құрауы тиіс болған. Алайда корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібінің өзгеруі, жеке табыс салығы бойынша шегерімдердің ұлғаюы және әлеуметтік салықты есептеу тетіктерінің өзгеруі салдарынан бюджетке түсетін түсім азайған.

Ал салық облыстың жеке кірісінің шамамен 85 пайызын құраған.

Осының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы 12 млрд теңге көлемінде шығындарды қысқартуға мәжбүр. Облыс, қала және аудан бюджеттеріндегі бірқатар шығыстарды қысқарту туралы шешімді облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button