БастыЖаңалықтар

Фестиваль күндері Катонқарағайға жүретін автобус: Билетті қай жерден, қаншаға аламыз?

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы фестиваль күндері Өскеменнен Катонқарағай жүретін қосымша автобустар шығатынын мәлімдеді.

Автобус бағыты күн сайын келесі кесте бойынша қатынайды:

  • Өскемен қаласынан жөнелту – 08:10, Катонқарағай ауылына келу – 12:30;
  • Катонқарағай ауылынан жөнелту – 14:00, Өскемен қаласына келу – 18:30.

Жол жүру құны – 4 500 теңге.

Билеттерді келесі тәсілдермен сатып алуға болады:

  • Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 8 мекенжайында орналасқан автовокзалдың билет кассасынан (жұмыс уақыты: 06.00-ден 20.30-ға дейін);
  • автовокзалдың ресми сайты арқылы қашықтан: https://autovokzal.kz/ (тәулік бойы).

Автовокзалдың анықтама қызметінің телефоны: 8 (777) 189-00-03.

Билеттерді алдын ала сату жолға шығу күніне дейін 30 күн бұрын басталады.

  • Рейске отырғызу жөнелтуге 15 минут қалғанда басталады;
  • Билеттерді сату жөнелтуге 15 минут қалғанда тоқтатылады;
  • Жүк бөлек төленеді (құнының 20 %-ы – 900 теңге);
  • 7 жасқа дейінгі балаларға билет тегін (жеке орын берілмейді), 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билет құнының 50 %-ы (2250 теңге).

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалін өткізу кезеңінде қатысушылар мен қонақтардың көлікке деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатында нақты жолаушылар ағынына қарай «Өскемен – Катонқарағай» тұрақты автобус бағыты бойынша қосымша рейстер ұйымдастыру көзделген, — дейді басқарма басшысының орынбасары Айжан Кумарова. — Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері бойынша басқармаға тікелей хабарласуға болады: қабылдау бөлмесі: 8 (7232) 70-23-54; жолаушылар көлігі бөлімі: 8 (7232) 70-16-98.

Басқа жаңалықтар

Back to top button