БастыЖаңалықтар
Ертең Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бұл сенбіде облыс орталығындағы екі сауда орнында азық-түлікті арзан бағада сатып алуға болады.
Жәрмеңке әдеттегідей таңғы 08.00-ден 12.00-ге дейін жалғасады.
Өтетін орындары:
- «Алтай» КТО (Жібек Жолы көшесі, 44)
- «Дос-Нар» СҮ (Виноградов көшесі, 17а)
Жәрмеңкеде жергілікті өнімдердің кең ассортименті ұсынылады: ет (сиыр, жылқы, қой, шошқа еті), шұжық және сүт өнімдері, нан-тоқаш түрлері, табиғи бал және т.б. Бұл — сапалы өнімдерді тиімді бағамен сатып алып, жергілікті өндірушілерді қолдаудың тамаша мүмкіндігі, — деп хабарлайды Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі.



