ШҚО-да «Жасыл ел» еңбек жасағына қабылдау әлі де жүріп жатыр

ШҚО-да «Жасыл ел» еңбек жасағына қатысушыларды қабылдау жалғасуда. Бағдарлама аясында жастар ағаш отырғызу, көгалдандыру және аумақтарды абаттандыру жұмыстарына қатысады. Алайда бір қатысушы үш айлық маусым ішінде тек бір айға ғана жұмысқа орналаса алады.
Қатысушылардың жасы 14 пен 35 жас аралығында болуы тиіс. Егер қатысушы 18 жасқа толмаса, ата-анасының немесе заңды өкілінің бірі келіп, қажетті құжаттарға қол қоюы қажет.
— Жұмыс уақыты: 08:00–15:00, жұмыс ұзақтығы: күніне 7–8 сағат, жалақы: 110 000 теңге, қатысушыларға арнайы жұмыс киімі беріледі, — дейді ұйымдастырушылар.
Тапсырылатын құжаттар:
* 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
* 3×4 көлеміндегі фотосурет;
* жеке куәліктің көшірмесі;
* Kaspi Bank шотының нөмірі;
* ForteBank шотының нөмірі;
* eGov порталынан алынған наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар.
Мекенжай: Өскемен қаласы, Жібек жолы көшесі, 3, Community Center.



