Жаңалықтар
«Конституция– әділет пен парасат жолы» атты дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және Ата Заңымыздың 30 жылдығына арналған «Конституция – әділет пен парасат жолы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Басқосу барысында Конституция баптарының қоғам өміріне ықпалы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуы жайлы кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында Пушкин атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері қатысушыларға Ата Заңымыздың қабылдану тарихына қатысты кітаптарға шолу жасап, оның Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызына тоқталды.
Жиын соңында қатысушылар Ата Заң – ел бірлігі мен бейбітшіліктің, тұрақтылық пен дамудың кепілі екенін ерекше атап өтіп, оны қастерлеу әрбір қазақстандықтың қасиетті азаматтық парызы екендігін жеткізді.



