Өскеменде сауда үйлерінде заңсыз сатылған электрондық темекілер тәркіленді

Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында электрондық темекілердің заңсыз сатылғанын анықтады. 
– Екі сауда үйінде тыйым салынған тауарлар сатылғаны анықталды, — деп хабарлады ШҚО ПД.  
Бір сауда нүктесін тінту кезінде тергеушілер 454 электронды темекі, вейп-сұйықтық және Pod жүйелерін, ал екіншісінен 115 электронды темекі мен 4 Pod жүйесін тәркіледі. 
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button