Шығыс Қазақстан облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

Облыстық прокуратураның мәліметінше, зертхананы Еуропа елдерінің бірінің азаматтары ұйымдастырған.  

– Синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхананың қызметі әшкереленді. Заңсыз айналымнан 630 мың бір реттік дозаға баламалы 125 килограмнан астам мефедрон, 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ тәулігіне 30 килограмға дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буынның зертханалық жабдықтары тәркіленді, — делінген Шығыс Қазақстан прокуратурасы хабарламасында. 

Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 миллиард теңгеден асады.  

Екі шетелдік азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button