V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қонақтары Шығыс Қазақстанның мәдениетімен танысты

«Көшпенділер әлемі» этноауылында шығысқазақстандық өнерпаздардың қатысуымен «Думанды дала» концерті өтті. 

Концерттің шымылдығын танымал композитор, вокалдың сирек кездесетін түрі  көмеймен ән орындаушы Еділ Хұсайынов ашты. 

– Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Шығыс Қазақстан облысынан театр әртістері, облыстық филармония, әртістер, қолөнершілер, мұражай қызметкерлері – барлығы 400-ге жуық адам келді. Бүгін өнерпаздарымыздың қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Елорда тұрғындары біздің шығармашылығымыз бен мәдениетімізді жоғары бағалады. Шара аясында «Барқытбел» этно-ансамблінің де концерті өтеді, — деді Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Қасенов.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button