Өскеменде былтыр жөнделген көпқабатты үйлердің бояуы ағып кетті

Сурет: yk-news.kz

Былтыр ғана Өскеменде боялған көпқабатты үйлердің кейбірінің бояуы әлден оңып кетті. Қала әкімдігі жұмыс сапасыз болғанын растап, қайта өңдеуге көшті.

— Қазір 13 үйдің 8-інде қалпына келтіру жүргізіліп жатыр, ал қалған үйлер маусымның ортасында дайын болады, — деді қала әкімінің орынбасары Қайрат Тәнекенов.

Оның айтуынша, былтырғы мердігер мекеменің жұмысы сапасыз болған.

— Ескі сылақты толығымен қырмай, оның үстіне басқа материал қолданған, — деді Тәнекенов. 

Биыл да қала әкімдігі көпқабатты үйлердің қасбетін жөндеуді жоспарлап отыр. Назарбаев даңғылы бойындағы 38 үйді қамтымақ. Шаһар басшысы Жақсылық Омар бұған дейін қаланың «дизайн-коды» анықталды, қала ажары кіреді дегенді айтқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button