ШҚО-да бір ай бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды
1951 жылы туған ер адам 13 шілде күні Луговое ауылындағы үйінен шығып, жоғалып кеткен.
Марқұм 6 тамызда Шемонаиха ауданы Горкуново ауылының маңында табылды.
— Жоғалған қарияның мәйіті даладан табылды. Мәйітте ешқандай жарақат белгілері жоқ, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ауыл тұрғынының өлімінің себебін сараптама анықтайтын болады.



