Шығыс Қазақстан облысынан археологтар 20-ға жуық мәдени ескерткіштер тапты

Жобаны «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы Алтай аумағындағы орта ғасырлар мен көне дәуір мұраларын зерттеу мақсатында ұйымдастырды. 

Қазба жұмыстары Катонқарағай, Үлкен Нарын аудандарында жүргізіліп жатыр. 

Табылған заттардың ішінде: қоныстар, қыстаулар мен қорымдар болды. Қазірдің өзінде қола дәуірінен бастап әртүрлі дәуірлердің 14 нысанында қазба жұмыстары жүргізілді. 

Ең көрнекті ескерткіштердің бірі – ерте темір дәуірінің қонысынан шағын металлургиялық кешен табылды. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, қазба жұмыстары кезінде бірқатар тамаша жәдігерлер табылды: көне түріктердің белдік жіптері, пазырық әшекейлері, қыш ыдыстар, көне түркі және ерте сақ ат әбзелдері, қимақ табақтары сондай-ақ әртүрлі монеталар мен жебе ұштары. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button