ШҚО-да салынған жол үш-ақ жылда бұзылып кеткен

Облыс әкімінің айтуынша, жұмысты жүргізген мердігер сенімсіздер қатарына қосылды. Енді ол жол жөндеу жұмыстарымен айналыспайтын болады.

— Ұлан ауданы, Таврия ауылы арқылы өтетін жол үш-ақ жылдың ішінде толық бұзылған, — деді Ермек Көшербаев Ұлан ауданына барған жұмыс сапарының қорытынды жиналысы кезінде. — Бірақ жақсы жаңалық та бар. Жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, енді алты сантиметр грунт пен екі қабат асфальт төселетін болады.

Сонымен қатар ауыл көшелерімен ауыр жүк көліктерінің жүруіне жол бермеу үшін айналма жол салу да жоспарда бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button