“Казцинк” басшылығы ауысты. Бүгін компанияның бас директоры облыс әкімімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі «Казцинк» ЖШС компаниясының жаңа бас директорын қабылдады, кездесу барысында Жанат Жанботин кәсіпорынның алға қойған даму жоспарларымен бөлісті.
— «Казцинк» жүйе құрушы, қала құрушы және «аймақ құрушы» өңірдегі елеулі кәсіпорын. Компания аймақ экономикасының дамуына үлес қосып қана қоймай, әлеуметтік салаларға да қолдау көрсетуде,- деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев. 
Кездесу барысында жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіпорынға жұмысқа тарту мақсатында колледждерде  арнайы бөлімдер құру мәселелері талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button