Студенттерге жатақхана іздеуге арналған жедел желі іске қосылады
Оқу жылының басында студенттердің көп болуына байланысты Ғылым және жоғары білім министрлігі жатақхана мәселесіне көмектесетін бірыңғай байланыс орталығын іске қосады.
— Оқу жылының басында студенттерге ыңғайлы жатақхана тауып беруге көмектесетін бірыңғай байланыс орталығы ашылады. Сондай-ақ, барлық университеттерде студенттерді жатақханаға орналастыруға көмектесетін орталықтар жұмыс істейтін болады, — деді министр Саясат Нұрбек.
Министр бүгінде Алматы мен Астанадан басқа барлық облыстарда жатақхана жетіспеушілігі мәселесі шешілгенін айтты.
Биыл 10576 орындық 27 жатақхананы пайдалануға беру жоспарда тұр. Оның ішінде — 8473 орындық 19 жатақхана ЖОО студенттеріне және 2103 орындық 8 жатақхана колледж студенттеріне арналған.



