Төрт күн бұрын хабарсыз кеткен азамат әлі табылған жоқ — Өскемен

Ахмер ауылының тұрғыны, 1966 жылғы Мырзабек Тәшенов 2 тамызда үйінен шығып, жоғалып кеткен.
ШҚО Полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні жоғалған азаматтың ұлы полицияға хабарласып, көмек сұраған. Іздестіру шаралары жүргізілуде.
Ер адам сұр түсті жейде, көк түсті спорттық шалбар мен аяқ киім киген.
Мырзабек Тәшеновті көрген-білген азаматтар болса, 102 телефон нөміріне хабарласуын сұраймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button