Өскемендегі «комендантка» көпірі кеңейтіледі
Бұл туралы әкімнің қала аралаған жұмыс сапары барысында белгілі болды.
— «Комендант» көпірін алты жолаққа дейін кеңейту жоспарда тұр. Жобалық құжаттама дайын, енді сараптамадан өтеді, — деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Сараптама қорытындысы осы айдың соңында шығады. Қаржыландыру мәселесі шешілсе, жұмыс биыл басталып, келесі жылы аяқталмақ.



