Грант алу мүмкіндігі әлі де бар — министр

Саясат Нұрбек грантқа ілікпей қалған түлектер мен олардың ата-аналарын әлі де үміт үзбеуге шақырды.

Министр мыңдаған грант иесін күтетінін хабарлады:

3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі;

Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар;

KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз;

Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты;

Жұмыс берушілердің гранттары. Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады;

Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі;

Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөлуде.

«Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар. Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз», – деп жазды Саясат Нұрбек

Басқа жаңалықтар

Back to top button