Құмар ойынға құныққан бауыр ағасынан 2млн теңге ұрлаған
Семей қаласының тұрғыны, туысқан ағасының телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, 2 млн теңге ақшасын ұрлаған.
«Сөйлесіп келемін» деп далаға шығып кетіп, \»1965\» (ағасының туған жылы) PIN-кодын терген. Ары қарай телефонның ішіндегі \»Қазақстан Халық Банкі\» АҚ мобильді қосымшасына кіріп, өз шотына 2 млн теңгені аударып алады. Ұрланған ақша әдеттегідей құмар ойынға, яғни букмекерлік кеңсеге жұмсалады.
Сот сенімсіз туысқанды кінәлі деп тауып, оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.



