“Восток молоко” Беларусь нарығына шығуды жоспарлап отыр

ШҚО-дағы сүт өнімдерінің негізгі өндірушілері мен жеткізушілері — «Восток Молоко» және «Эмиль» кәсіпорындары. 
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың компания өкілдерімен кездесуінде өңірде сүт және сүт өнімдері өндірісін кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
– Сіздердің өнімдеріңіз тұтынушылардың жоғары сұранысына ие. Жергілікті сүт өндірушілердің сату нарықтарын кеңейту керек. Ол үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі, — деді облыс әкімі.
Екі кәсіпорын 100-ден астам сүт өнімдерін шығарады. Ассортимент үнемі жаңартылып отырады. 
Енді «Восток Молоко» өз өнімдерімен Беларусь нарығына шығуды жоспарлап отыр.
Соңғы үш жылда сүтті мал шаруашылығын дамытуға 9 млрд. теңге бөлінген.  Нәтижесінде аймақта шикі сүт өндіру 22 пайызға өсіп, 90 мың тоннаны құрады.

Айта кету керек, бүгінде облыс өзін-өзі сүтпен толықтай қамтамасыз етіп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button