ШҚО-да туристерге QR-коды бар карта беріліп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында шетелдік туристерге QR-коды бар туристік карта беріліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Көші-қон қызметінің мамандары шетел азаматтарына QR-коды бар туристік карталар таратып жатыр, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
QR-коды бар туристік карта арқылы туристер Save Travel.kz ресми порталына өтіп, төменде көрсетілген маңызды ақпараттарды ала алады:
– жедел қызметтердің байланыс нөмірлері мен SOS батырмасы;
– полицияның кезекші бөлімшелерінің деректері;
– ережелер мен қауіпсіздік бойынша кеңестер;
– туристік бағыттар мен қозғалыс бағыттарры (қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде);
– байланыс операторлары, такси қызметтері, SIM-карталар мен олардың сату орындары жайлы мәліметтер;
– қонақ үйлердің мекенжайлары мен орналастыру нысандарына қойылатын талаптар;
– «102» мобильді қосымшасына сілтеме.



