Шығысқазақстандық семсершілер қолаға қол созды

Грузияның Тбилиси қаласында өткен әлем чемпионатында семсерлесуден Қазақстан құрамасы  тарихи жетістікке қол жеткізді. Ұлттық құрама алғаш рет жартылай финалға шығып, қазіргі әлем чемпионы – Италия құрамасын жеңді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Шығысқазақстандық спортшылар Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов  және Эльмир Әлімжанов  қола жүлде үшін өткен тартысты кездесуде тоғыз мәрте Олимпиада чемпионы атанған Франция құрамасымен бақ сынасып, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. 

 Қола медаль үшін кездесуде Қазақстан құрамасы Францияны айқын басымдықпен жеңіп, 45:31 есебімен жеңіске жетті. 

– Қола жүлде үшін болған тартысты кездесуде біздің жігіттер тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы Франция құрамасын айқын басымдықпен жеңіп, жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады. Ел мерейін үстем еткен спортшыларымызға алғысымыз шексіз. Жеңістеріңіз құтты болсын!, –  делінген Қажымұқан атындағы жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button