Жаңа оқу жылы қарсаңында 500 мың оқушыға қолдау көрсетіледі

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларды мектепке дайындап жатыр. Биыл 500 мыңнан астам оқушыға қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қор дәстүрлі түрде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы балаларға көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған балаларды да назардан тыс қалдырмайды.

Көмек ата-аналардың есепшоттарына аударылады, бұл оларға мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын өздігінен таңдауға мүмкіндік береді. 2025 жылы бір балаға берілетін ең төменгі сома көлемі – 46 228 теңге.

– Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету бойынша ашық әрі ыңғайлы тетік қалыптастырды. Бұл қолдау шарасы бүгінде барлық өңірде іске асырылуда», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button