Өскеменде зейнеткер терезеден құлап кетті

Өткен жылы облыс орталығында төрт адам терезеден құлаған. Биыл осындай жеті жағдай болды. Терезеден құлаған жеті адамның үшеуі бала, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Соңғы жағдай кеше Алматы көшесінде болған. 83 жастағы әйел пәтердің терезсін жуам деп бесінші қабаттан құлап кеткен.

– 1942 жылы туған әйел терезеден құлап, жарақат салдарынан сол жерде қайтыс болды,– деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Зейнеткер терезені жуып жатып, абайсызда құлаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button