ШҚО тұрғынынан 20 келіден астам есірткі тәркіленді

Шығыс Қазақстанның полиция қызметкерлері облыстық прокуратура өкілдерімен бірлесіп есірткі таратқан 34 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

 Ол ірі мөлшердегі есірткіні басқа қаладан жеткізген. Тәртіп сақшылары күдіктінің үйін тінтіп, 20 келіден астам марихуана тәркіледі.

Полицияның дерегіне сүйенсек, ол \»тауар әрі қарай байланыссыз жолмен сатуды ойластырған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button