Глубокое ауданында жабық хоккей корты салынады
Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Глубокое ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Қазіргі уақытта жер учаскелерін ресімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құрылысы 2026-2028 жылдарға жоспарланған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Аудан үшін тағы бір маңызды жоба Белоусовка кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені болмақ. Оның құрылысы шамамен 1,1 миллиард теңгеге бағаланған. Ауданда «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бүгінде 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы салынып жатыр. Ал Ушаново ауылындағы демалыс орталығын күрделі жөндеу жоспарланған.
– Аудан әкімі осы жылдың 1 қарашасына дейін аудандық бюджет есебінен Глубокое кентінде жабық хоккей кортын және Белоусовка кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, сараптама алуы қажет. Сондай-ақ, Дене шынықтыру және спорт басқармасына салалық қорытынды алу үшін инвестициялық ұсыныстарды ұсыну қажет, – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.



