Өскеменде инновациялық жобалар байқауы өтті
Oskemen Hub пен Royal Flowers бірлесіп Flowers Pitch деп аталатын ерекше іс-шара ұйымдастырды. Бұл дегеніміз тың технологиялық идеяларды жаңашылдықпен ұштастырған жаңа форматтағы питчинг.
Іс-шара барысында жасанды интеллект қолданылған инновациялық жобалар таныстырылып, Шығыс Қазақстандағы технологиялық экожүйе өкілдері еркін әрі шынайы пікір алмасты. Қатысушылар өз стартап-идеяларын көпшілік алдында таныстырды.
Үздік таныстырылым мен идеялардың ерекшелігі үшін қатысушылар іс-шара серіктесі Royal Flowers ұсынған ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Іс-шара студенттер мен жас мамандардың идеялары да ұсынылғанын айта кету керек. Бұл аймақтағы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуда жастардың маңызды рөл атқаратынын және жергілікті қауымдастықтың жоғары әлеуетін айқын көрсетеді.



