Тереңсайдың жолын жаңартуға 11 млрд теңге бөлінген

Биыл өңір бойынша 960 шақырым жол жөнделеді деп жоспарланған. Бұл жұмыстарға 83 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бұл жөнінде облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров айтты.

Республикалық маңызы бар жолдарды қаржыландыру көлемі  60,3 млрд теңге. Биыл 572 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде \»Қалбатау-Майқапшағай\» автожолын қайта жаңарту учаскесіне (1090-1321 учаскесі) 36,5 млрд теңге қарастырылған.

– \»Талдықорған-Қалбатау-Өскемен\» жолының 60 шақырымы үшін 1,6 млрд теңге қарастырылған. Қайсенов кентінің маңында ДЭУ құрылысына, жол жиегін салу және жол жағдайы бойынша жұмыстар жүргізу жалғасып жатыр, – деді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдарды дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары Нұрбек Тұраров.

Ал Осинов асуының 28 шақырым жолын қайта жаңарту үшін 11 млрд теңге көзделген. Жауапты мердігер — \»ҚР Құрылыс топтары\» ЖШС. Жол жұмыстары желтоқсанда аяқталуы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button