Енді жолдарға электрондық табло орнатылды
Биыл Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік инфрақұрылымын жөндеу бойынша облыстың 960 км жолын жөндеу жоспарланған. Оған 83 млрд теңге бөлініп, биыл 856 км жол іске қосылмақ, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз жиынында ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдарды дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары Нұрбек Тұраров айтты.
Оның айтуынша, облыстық маңызы бар жолдарға цифрлық паспорттау жүргізілуде, Көлік құралдарын салмақтық бақылаудың автоматты жүйесін орнату жоспарлануда, бұл жүк тасымалдау процесін ретке келтіреді және жолдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
– Жүргізушілерді жолдардың жай-күйі мен ауа-райының жағдайы туралы жедел хабарлау үшін ірі елді мекендерден шығуда 4 электрондық табло орнатылды, – деді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдарды дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары Нұрбек Тұраров.



