Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің жастары Шығыста бас қосады
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің жас көшбасшылары мен дарынды жастары Шығыс Қазақстанда бас қосады. Бүгін Қытай Халық Республикасынан алғашқы делегаттар келдіп жатыр.
2024 жылы 4 шілдеде Астанада өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұйымға мүше мемлекеттердің жас көшбасшылары мен дарынды жастарының жыл сайынғы кездесуін өткізуді ұсынған еді.
Биыл бұл бастама Түркі әлемінің алтын бесігі – Алтай төрінде жүзеге асады.
Іс-шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің делегаттары, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері және өңірдің белсенді жастары қатысады.
Бұл бастаманы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ШҚО әкімдігінің, «Amanat» партиясының жастар қанаты – «Жастар рухы» және «Esbol Qory» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырып жатыр.



