ШҚО-да жасөспірім қыз жануарларды азаптап видеоға түсірген

Шығыс Қазақстан облысында 17 жастағы қыз жануарларды азаптап, видеоға түсірген.

Жасөспірім мысықтарды суықта қатырғанын видеоға түсіріп, құстар мен үй жануарларының етін қайнатып көргенін де айтқан. 

Қазір полиция қызметкерлері осы іске байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

«17 жастағы жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Полиция өкілдерінің айтуынша, материал кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады. Сол комиссия мүшелері шешім қабылдайды. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button