Өскеменде Абайдың 180 жылдығына орай іс-шара өтеді
Облыс орталығындағы Сол жағалау кешенінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай іс-шара өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Облыстық этнографиялық музей-қорығының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаныш Сәтбаев даңғылы, 92 мекенжайында 9 тамыз күні сағат 10:00-де Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған іс-шара өткізіледі.
Іс-шара аясында қолөнершілер көрмесі, Абай Құнанбаевтың үйіне экскурсия, облыстық филармония әртістерінің өнер көрсетуі, халық ойындары, алтыбақан, интеллектуалды ойындар ұйымдастырылады.



