ШҚО-да 44 адамға рақымшылық жасалды
Жалпы өңірде 405 сотталған адам рақымшылыққа ілікті. Оның ішінде 44 адам толықтай босатылса, 361 адамның жаза мерзімі қысқартылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Шығыс Қазақстан облысында Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң аясында 18 адам түрмеден босап шықты. Соттарға 234 материал жіберіліп, оның 31-і қаралған.
– Рақымшылық — бұл жай ғана құқықтық процедура емес. Бұл мемлекет тарапынан жасалған гуманизм актісі, кезінде қателескен адамдарға түзелуге нақты мүмкіндік беру. Біз адамдардың қалай өзгеріп жатқанын, олардың осы екінші мүмкіндікті қалай бағалайтынын көріп отырмыз, – дейді ШҚО ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет полковнигі Тілеуберген Көнекбаев.



