Өскеменде тағы бір баланы көлік қағып кетті
Кеше Өскемен қаласындағы Чехов және Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында тағы бір баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Hyundai Elantra көлігі солға бұрылған кезде велосипедпен келе жатқан 12 жастағы баланы қағып кеткен. Жол апаты салдарынан түрлі дене жарақатын алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді, – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқиғаға байланысты қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Ал бұған дейін Өскемендегі Тоғас көшесінің бойындағы жая жүргіншілер өткелінен бір баланы қағып кеткенін жазған едік.



