Өскемен-Рахман қайнары жолында екі жүк көлігі соқтығысты

28 шілде күні сағат 16:00 шамасында Өскемен-Рахман қайнары автожолының 54-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

– Howo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі төменге түсу кезінде жылдамдықты шамадан тыс асырып, рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның салдарынан SHACMAN жүк көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Howo жүк көлігінің жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. SHACMAN жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button