Өскеменде көшелерді жарықтандыру мәселесі түбегейлі шешіле ме?

Өскеменде көшелерді жарықтандыру мәселесі түбегейлі шешіледі. Қала әкімі Алмат Ақышов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Әлеуметтік желілерде қала тұрғындарының абаттандыруға, көше жарығына және қауіпсіздікке қатысты жиі шағымданатын айтқан Өскемен әкімі аппараттық кеңесте әрбір көше бойынша жеке-жеке анализ жасауды тапсырды.

– Тұрғындардың, оның ішінде балалардың қауіпсіздігі – біздің бірінші міндетіміз. Жарықтандыру мәселесін біржола шешуіміз керек, –  деді Алмат Ақышов.

Қала әкімі аумақтық басқару орталықтарының басшыларына барлық көшелерді аралап, қай көшелерде шамдар жиі істен шығатынына талдау жасауды  тапсырды.  

– Шамдардың үнемі жанып кететіні – бұл факт, – деді Алмат Ақышов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button