ШҚО-да 95 шағын ГЭС салынуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында 95 шағын су электрстанциясын салуға мүмкіндік бар. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Хабар 24 телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасында мәлімдеді.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде еліміздің су ресурстарының 40 пайыздан астамы шоғырланған. Өзендерді зерттей келе жалпы қуаты 2 гигаватқа жуық электр қуатын өндіретін 95 шағын су электростанцияларын салуға мүмкін жерлер анықталған.

Осы жылдың қыркүйек айында Өскемен қаласында өтетін «Altaі-Invest» Халықаралық инвестициялық форумы аясында нақты инвесторлар анықталады деп күтілуде. 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button