ШҚО-да тауда жарақат алған туристке көмек көрсетілді

Мұзтауға саяхаттаған туристердің бірі жарақат алып, шұғыл дәрігер көмегіне мұқтаж болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлінің Медициналық апаттар орталығының дәрігерлері 1997 жылы туған саяхатшы қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін оны құтқарушылар облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізді.

ШҚО ТЖД тур ұйымдастырушыларына маршруттар туралы «112» нөміріне алдын ала хабарлауды ұсынады.

Айта кетейік, кез келген туристің өзімен бірге шағын құрал-жабдықтар жиыны, яғни, алғашқы көмек қобдишасы, пышақ, сіріңке, компас, су және азық-түлік қоры, мобильді телефон және қуаттағыш құрылғысы болуы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button