ШҚО-да тағы да есірткі өсіргендер ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында есірткі заттарын заңсыз өсіру фактісі анықталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, бау-бақша серіктестіктерінің бірінің тұрғыны өз үйінің ауласында тыйым салынған өсімдіктерді жүйелі түрде өсіруге арналған орын жабдықтаған.
– Үй-жай аумағын жедел тінту барысында полиция қызметкерлері 15 түп жасыл түсті өсімдік, 3 түп кептірілген және ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған 3 полимерлі қаптаманы тауып, тәркіледі, – делінген хабарламада.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 5 келіні құрайтын «қарасора» екені анықталды.
Аталған факті бойынша «Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.



