Согра кентінің жолдары жөнделді

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Согра кентінде жөндеуден өткен Егоров және Вешний көшелерінің жағдайымен танысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

– Оң жағалауды абаттандыру бойынша облыс әкімінің тапсырмасы аясында Согра кентінде жөндеуден өткен Егоров және Вешний көшелерінің жағдайымен танысып қайттым. Согра кентін абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл Титановая көшесіне қиыршық тас төсеу арқылы түзету жұмыстары жүргізіліп, Фасадная көшесіндегі саябақ қалпына келтірілді. Сонымен қатар, Абай даңғылының Согра кентіне баратын теліміне жаңадан асфальт төселді. Алдағы жылдары Мира көшесін Солнечное ауылына дейін асфальттау жоспарлануда, – дейді қала әкімі Алмат Ақышов. 

Айта кетейік, кеше  Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан өндірістік аймақты аралады.

Облыс әкімінің айтуынша, облыс орталығының оң жағалауында жергілікті және республикалық бюджетке негізгі кіріс әкелетін, қала тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған ірі кәсіпорындар орналасқан. 

– Қаланың оң жағалауындағы инфрақұрылымды дамыту мен абаттандыру жұмыстарына баса назар аударатын боламыз. Сонымен қатар, қаланың сол жағалауындағы жоспарлы құрылыс жұмыстары өз жалғасын табады, – дейді облыс әкімі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button