Крылов көшесі жақтағы көпір жаңартылды — Өскемен

Өскеменде Крылов көшесінің бойындағы көпір жаңартылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

Өскеменде қалалық инфрақұрылымды жақсарту бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Қала әкімі Алмат Ақышовтың тапсырмасы бойынша Крылов көшесі бойындағы Үлбі өзені үстімен өтетін көпірде көлік және жаяу жүргінші жолдарының инфрақұрылымы элементтерінің сыртқы келбетін жаңарту бойынша жұмыстары жүргізілді.  

– Мекеме мамандары көпірдің құрылымдық элементтерінің қоршаулардың және басқа да бөлшектерінің сырлауын толықтай жаңартты. Бұл жолы ашық түсті, атмосфералық әсерлерге төзімді бояу қолданылды. Бұл металлдың тот басуына жол бермейді, сондай-ақ, көпірді қалалық ортада көзге бірден түсетіндей заманауи әрі көрікті етеді. Ашық түстер инфрақұрылымды көркейтіп, эстетикалық тартымдылықты арттырады, –  дейді «Таза Өскемен» КМК мамандары. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button