Сарыбелде арбат, медициналық пункт және электр стансасы салынады

Самар ауданына қарасты Сарыбел жағалауында арбат салынып, дәмханалар ашылады. Сондай-ақ сауда орындары және түрлі іс-шараларға арналған алаңдары бар серуен аймағы да салынады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бұл туралы Самарға сапарлай барған ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желісінде жазды.

– Біз жыл сайын демалушылар саны артып келе жатқан Шығыс Қазақстандағы ең танымал туристік орындардың бірі — Самар ауданы, Сарыбел ауылындағы Бұқтырма су қоймасы жағалауында болдық. Қазіргі уақытта мұнда инфрақұрылымды дамыту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Миролюбовка ауылы арқылы 30 шақырымдық жол жөнделуде, жағажай маңында медициналық пункт (ФАП) салынып жатыр және турбазалардағы электр қуаты тапшылығын шешу үшін жаңа қосалқы станса салу мәселесі қарастырылуда, – Жақсылық Омар.

 Сонымен қатар, туристік ақпараттық орталық салу, аудандық аурухананы жөндеу, Миролюбовка ауылындағы үйлерді абаттандыру да жоспарланған.

– Біз Samarfish кәсіпорнында да болдық — мұнда форель өсіріп, одан жергілікті өнім дайындау жоспарланған. Бұл — жаңа жұмыс орындары және ауданның брендіне айналатын бастама, – деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button