Бұқтырмада 4 адам мінген қайық аударылып кетті

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушыларына Алтайка ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасында 4 адам мінген қайық аударылып кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Аударылып кеткен қайықтаға төрт адамның борт сыртында қалғаны хабарланған. Оларды көрген сол маңда жүрген балықшы көмекке келіп, төртеуін де өз қайығына отырғызған. 

– Оқиға орнына ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп, азаматтарды катерге ауыстырып, қауіпсіз түрде жағаға жеткізді. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

ТЖМ дауылды немесе желді ауа райында қайықпен суға шыққанда абай болуды ескертеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button