Асубұлақта қазақ күресінен халықаралық турнир өтті
Асубұлақ кентінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы аясында Халық Қаһарманы, ержүрек партизан, көрнекті жазушы Қасым Қайсеновті еске алуға арналған қазақ күресінен халықаралық турнир өтті.
Турнирге Моңғолиядан, Ресей Федерациясынан, сондай-ақ Ақмола және Абай облыстарынан, Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар және Жетісу қалаларынан келген 200-ге жуық жас спортшы қатысты.
Бұл – ұлттық спортты дәріптеумен қатар, жас буынды батырлыққа, төзімділік пен рухани биіктікке тәрбиелейтін айтулы дода. Турнир ерлік пен намыстың, достық пен бірліктің жарқын көрінісі.
Аталған шара Асубұлақ ауылының әкімі Қуаныш Құмарұлы мен осы ауылдың тумасы, ҚР Қазақ күресі федерациясының төрағасы Қайрат Мазкеновтың бастамасымен ұйымдастырылды. Турнирге Қазақ күресі федерациясының президенті Базарбай Оразбек арнайы қатысты. Жарысқа «Kазцинк» ЖШС демеушілік көрсетті.



