Риддерде өзен жағасында бассейн салынуы мүмкін
Президент сынынан кейін еліміздегі туристік аймақтардың жай-күйі тексеріле бастады. Бірнеше күн бұрын мемлекеттік инспектор Риддер қаласына келіп, Журавлиха өзенінің жағажайын көрді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Риддер қаласы әкімінің орынбасары болса тексерілген жағажайдың мүлдем жарамсыз екенін айтады.
– Шомылуға мүлде жарамсыз. Біз оны жабуды жоспарлап отырмыз, яғни қиыршық тас өндірілетін шұңқырлар сияқты, шомылуға рұқсат етілмеген орынға айналады. Жыл сайын кәсіпкердің құм әкелуін, жағажайды қызметке алуын сұраймыз, бірақ бизнес өкілдері пайдасыз екенін алға тартады. Мұнда жаз мезгілі қысқа, тау өзендері ағынды. Көктемді құмды шайып кетеді, – дейді Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қаныбек Төлеухан
Сол себепті кәсіпкерлер инвестиция салғысы келмейді. Келетін адамдар саны да аз.
– Яғни, біз табиғи жағажай жасай алмаймыз. Екі ашық бассейн салу идеясы бар — біреуі ересектер үшін үлкен, екіншісі балаларға арналған. Онда киім ауыстыратын бөлмелері, дәретханасы болады. Тазалау, сүзу, дренажы болуы керек, мұның бәрі қаржылық шығындарды талап етеді – дейді Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қаныбек Төлеухан.
Алайда бұл жай ғана идея екені айтылған. Егер бюджеттен қаражат қарастырылса жүзеге асыру көзделген.



