ШҚО «Ассамблея жастары» театры Абай елін тәнті етті

Шығыс Қазақстан облыстық «Ассамблея жастары» жастар театры Семей қаласында әлеуметтік маңызды тақырыптарға арналған спектакльді сахналады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қойылым «Birligimiz jarasqan» жобасы аясында ұйымдастырылып, көрермендер арасында кеңінен резонанс тудырды. Спектакль жастар арасындағы нашақорлық пен лудомания (ойынқұмарлық) мәселелерін көтеріп, өткір әлеуметтік проблемаларды алға тартты.

Өнер әлеміне қанат қаққан жастар театры тағы да өзінің кәсіби шеберлігін және жас ұрпақ тағдырына бейжай қарамайтынын дәлелдеді. Актерлердің шынайы әрі әсерлі ойыны арқылы көрермендер бүгінгі жасөспірімдер мен жастар тап болатын шынайы өмір көріністеріне үңіле білді. Бұл қойылым тек мәдени шара ғана емес, сонымен қатар қоғамдық диалогқа жол ашатын қуатты құралға айналды.

Спектакль аяқталғаннан кейін көптеген көрермендер актерлерге күрделі тақырыптарды шынайы әрі ашық жеткізгені үшін алғыстарын білдірді. 

«Birligimiz jarasqan» жобасы шығармашыл күштерді біріктіріп, қоғам үшін маңызды мәселелерді көтеруді жалғастыруда. «Ассамблея жастары» театры — өнердің шабыттандырып, тәрбиелеп, өмірді өзгертуге қауқарлы екенін көрсете білді.

Театрдың келесі қойылымы Астана қаласында өтеді. Онда да көрермендерді маңызды әлеуметтік тақырыптар мен бүгінгі қоғам мәселелеріне терең үңілу күтіп тұр.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button